Дисмиссив-авоидант (яғни, избегающий) бетау стиліндегі адаммен қарым-қатынаста болу – нәзік те көркем өсімдікті күткенмен тең. Бұл өсімдік өзіне лайықты күтіммен жайқалады – шамадан тыс көңіл бөлсеңіз, солып қалады; ал елемесеңіз, қурап кетеді. Яғни, сүйіктіңіздің жағдайында төзімділік, түсіністік және қамқорлық пен еркіндіктің нәзік тепе-теңдігі аса маңызды.
Дисмиссив-авоидант бетау стиліндегі серіктесіңізді қолдау оңай емес. Бірақ бұл қатынастағы динамиканы – әсіресе, сіздің рөліңізді – түсіну серіктесіңіздің мұқтаждығын дұрыс қабылдап, байланысын нығайтуда көмектеседі. Сіз серіктесіңіздің бетау стилін өзгерте немесе түзете алмайсыз. Дегенмен, өзін-өзі тануыңызды дамыту арқылы оларға тиімдірек қолдау көрсетіп, берік әрі сенімді байланыс құруға қажетті жағдай тудыруға болады.
Дисмиссив-авоидант бетау стилін түсіну
Айта кету керек, бұл мақала – сіз туралы, яғни жеке қасиеттеріңіз және дисмиссив-авоидант серіктесіңізді қалай қолдай алатыныңыз жайлы. Бірақ осыған көшпестен бұрын, дисмиссив-авоидант бетау стиліне қысқаша тоқталғанымыз жөн. Серіктесіңізге ең жақсы қолдау көрсеткіңіз келсе, оларда не болып жатқанын түсінуіңіз маңызды.
Жалпы бетау типтері туралы толығырақ білгіңіз келсе, “Бетау теориясы мен Жеке қасиет арасындағы байланыстар.” атты мақаламызды оқуға шақырамыз. Бұл жолы қысқаша айтар болсақ: әрбір адамның бетау стилі (иә, сізде де бар) бала кезде негізгі қамқоршыларымен арадағы қарым-қатынаста қалыптасады. Осы алғашқы қарым-қатынастар өмір бойы, әсіресе романтикалық тұрғыда, өзгелермен араласуымызға әсер етеді.
Адамның бетау стилі ешқашан өзгермейтін немесе ақ-қара түсті дүние емес. Қандай бетау мінез-құлықтардың көрінуіне бірнеше фактор – соның ішінде, жеке қасиет те себеп болады. Дегенмен, дисмиссив-авоидант бетау типіндегі адамдарға тән бірнеше ерекше белгілер бар:
- Тәуелсіздік пен өзіне сенімділікті жоғары қояды
- Эмоциялық жақындық пен жан сырын ашуға қиналады
- Басқаларға сену не арқа сүйеуді қиын көреді
- Жеке эмоциялық қажеттілігін сыртқа шығармауға немесе елемеуге бейім
- Қақтығыс не терең сұхбаттан қашады
- Өзін қысымда не шаршағандай сезінсе, шеттеп кетеді
Бұндай ересектердің көпшілігі бала кезінде эмоционалдық мұқтаждықтарын қамқоршылары елемеген немесе сыртқа тепкен жағдайда өскен. Мүмкін, серіктесіңіз сезім білдіруді әлсіздік деп санайтын, не болмаса оның мейірімге деген ұмтылысы жиі еленбеген отбасында өскен болар. Уақыт өте келе, бұл адам басқаларға тәуелді болу не жан сырын ашу – қауіпті немесе қажетсіз деген ішкі сенімді қалыптастырады.
Айта кететіні – серіктесіңізде дисмиссив-авоидант бетау түрі бар болғандықтан, олар сізді жақсы көрмейді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бұл мінез-құлықтарын (көбінесе санадан тыс) өзін сезімдік қауіптіліктен не ашық болудан сақтандыру үшін қалыптастырған. Осыны түсіну арқылы сіз оларға шыдамдылықпен, жанашырлықпен жақындай аласыз.
Дисмиссив-авоидант серіктесті қолдаудағы қиындықтар
Енді өзіңізге оралайық. Сіз серіктесіңізді сүйіп, қолғыңыз келуі мүмкін, бірақ дисмиссив-авоидант бетау стиліндегі адаммен қарым-қатынас ерекше қиындықтар туғызады. Мұндай серіктестердің романтикалық жұптары жиі мынадай сезімдерді бастан кешеді:
- Эмоциялық аштық немесе ескерілмеу сезімі
- Серіктесіңіздің белгісіз, кейде жылы, кейде суық мінезіне шатасу
- Серіктесіңіз болашағына нақты міндеттеме алудан қашқанға ренжу
- Серіктесіңіздің шеттеп не өзімен-өзі жүргеніне көңіліңіз қалу
- Қарым-қатынастың тұрақтылығына деген сенімсіздік
Кейбір жеке қасиеттерге ие адамдар үшін бұл қиындықтар аса ауыр болуы мүмкін. Мысалы, Сезімтал типтер, қарым-қатынаста ашықтық пен үйлесімділікке құштар болғандықтан, өзіне сай терең эмоциялық жақындықты көре алмайды. Сол сияқты, Жоспарлы типтер, нақтылық пен құрылымдылықты жөн көретіндіктен, серіктесінің ортақ мақсат қоюдан немесе айқын міндеттемеден бас тартуын ренжітеді.
Бұл жеке ерекшеліктер дисмиссив-авоидант серіктестің өзіне де күйзеліс әкелуі мүмкін. Егер Сезімтал тип өзара жақындасу үшін серіктесінің ішкі әлемін қазбалай берсе, оларды одан әрі алшақтатып жіберуі ықтимал. Ал Жоспарлы адам қарым-қатынасты немесе болашақ жоспарды тезірек айқындауға тырысса, бұл серіктесінің тәуелсіздігіне төнген қауіп деп ұғылады да, алшақтай бастайды.
Мұндағы түйін – серіктесіңіздің дисмиссив-авоидант бетау стилі сізге, жеке қасиеттеріңіздің жиынтығына байланысты, әртүрлі әсер етеді. Әрі, кейде байқамай, өзіңіздің табиғи қасиеттеріңіз арқылы серіктесіңіздің ауытқыған мінезін күшейтіп алуыңыз мүмкін.
Әртүрлі жеке қасиеттер дисмиссив-авоидант серіктеспен қарым-қатынасқа қалай әсер етеді?
Ендеше, дисмиссив-авоидант бетау стиліндегі серіктесіңізге қалай қолдау көрсете аласыз?
Бұрын да, қазір де, тағы да қайталаймыз: бәрі өзін-өзі танудан басталады. Серіктесіңізді өзгертуден үміттенбеңіз. Бірақ өзіңіздің жеке қасиеттеріңіз қарым-қатынаста қалай көрініс табатынын түсіну арқылы серіктесіңізге нәзіктікпен, саналы түрде жақындай аласыз. Сөйтіп, аңсаған жақындыққа жеткізер өзара сенім мен құрметті біртіндеп дамытасыз.
Бұл бөлімде жеке қасиет тұрғысынан, дисмиссив-авоидант бетау стилімен қарым-қатынасқа қалай қарайтыныңыз және қай қасиетіңізбен серіктесіңізге жақсырақ қолдау көрсете алатыныңызды қарастырамыз.
Енді, жеке қасиетіңіздегі басым типтерді еске түсіру үшін тегін тип тестіндегі нәтижеңізге қайта қарап алуыңызға болады. Егер әлі өтпеген болсаңыз, қазір тапсырып көріңіз – алдағы кеңестерге бұл нәтижелер пайдалы болады.
Экстраверт (E)
Экстраверт типтер дисмиссив-авоидант серіктесімен қалай жақындасарын жиі білмей қалады. Олардың үнемі бірге болуға бейімдігі серіктесін шаршатып жіберуі мүмкін және, көбіне, серіктестің кездейсоқ араласқанына ренжиді немесе неге көп уақыт бірге өткізгісі келмейтінін түсінбейді. Экстраверттер үшін маңызды нәрсе – мұндай мінез-құлықтың көбіне серіктесінің тыныс алу мүмкіндігіне қажеттіліктен туатынын, ал өзіңізге немқұрайлықпен қарағандықтан емес екенін ұғыну қажет.
Экстраверт өзінің серіктесін тиімді қолдау үшін оның әлеуметтік қажеттілігін саналы түрде ескергені жөн. Өзін-өзі ашық көрсететін мінезі арқылы серіктесіне еркін байланыс орнатып, олардың өз қарқынында сөйлесуге қолайлы, сенімді орта құра алады. Сонымен қатар, Экстраверттер жеке достық қарым-қатынастарын, белсенділіктерін сақтауы тиіс. Осылайша, экстраверттің араласуға деген қажеттілігі қанағаттанады әрі серіктесіне де кеңістік беріледі, бұл қарым-қатынаста келіспеушілік себеп бола қоймайды.
Ойға түрткі: Өз әлеуметтік энергияңызды және серіктесіңіздің кеңістікке сұранысын ескере отырып, екеуіңізге де ыңғайлы өзара әрекеттесу үлгісін қалай құра аласыз?
Интроверт (I)
Интроверт типтер шектеулі араласу талғамының дисмиссив-авоидант серіктесінің қажеттілігімен үйлесетінін жиі байқайды. Алайда бұл үндестік кейде ауытқыған мінез-құлықты күшейтіп жіберіп, маңызды мәселелер жабулы күйде қала береді. Интроверттердің басты мақсаты – өзара тыныштық пен ашық қарым-қатынастың арасынан тепе-теңдік табу.
Интроверт өз артықшылықтарын серіктесіне былайша пайдалана алады: мысалы, сабырлы, сабақты айтуды ұнататын стилімен серіктесін ойын ашық айтуға ынталандырады. Сондай-ақ, араласуға мұқтаждықсыз уақытты бірге өткізе алуымен, серіктесіне жақындасудың алғы шартын жасайды. Дегенмен, Интроверттер өз эмоциясы мен қажеттілігін ашық білдіруді де үйренуі керек. Саналы түрде байланысуға тырысу арқылы олар тек жақындықты арттырып қана қоймай, қарым-қатынасқа сенімді үлгі көрсетеді – бұл серіктесінің тұрақтырақ бетау стилін дамытатын алғышарт болуы мүмкін.
Ойға түрткі: Серіктесіңіздің қарым-қатынастағы талғамын құрметтей отырып, сіздің де ішкі қажеттілігіңіз қанағаттанатын жағдайды қалай жасай аласыз?
Интуитивті (N)
Интуитивті типтер – соның ішінде барлық Analyst және Diplomat – дисмиссив-авоидант серіктеспен жиі кездесетін қиындықтарға тап болады. Интуитивті адамдардың әр жағдайдан мән іздеуге бейімдігі серіктесінің мінезін қате ұғып, екі жақта да үрей мен сенімсіздік тудыруы мүмкін. Олар тереңірек түсінгісі келіп, серіктесінің ойын немесе сезімін үнемі қазбалайды – бұл жабық адамға ауыр тиеді.
Алайда, Интуитивті типтер мінез-құлық үлгілерін сезгіштігімен ерекшеленеді. Бұл оларға серіктесінің қажеттілігін анықтап, уақыт өте тиімді әрекет етуге көмектеседі. Шығармашылдық пен жаңашылдыққа ашықтығы олардың қатынастағы қиындықтарды еңсеруіне де қолайлы. Егер Интуитивті типтер осы қабілетін нақты бақылаумен ұштастыра білсе, серіктесінің қашқақтауын тудыратын себептерді ұғып, жақындыққа негіз қалай алады.
Ойға түрткі: Серіктесіңізді артық талдап, ол ашылғысы келмейтін жақындық не ашықтықты міндеттеуге жол бермей, тепе-теңдік қалай сақтауға болады?
Бақылағыш (S)
Бақылағыш типтер – оған барлық Sentinel және Explorer кіреді – егжей-тегжейге мән беретін мінезімен серіктесінің көңіл күйі өзгерсе тез сезіп, оларға жауап беруге қабілетті. Дегенмен, практикалық мәселелер шешіміне ұмтылғанда, серіктесінің ішкі бетау себептеріне мән бермей қалуы мүмкін.
Бұл типтегілер дисмиссив-авоидант серіктесінің мінезінің түпкі себептерін түсінуі қиынға соғады. Әрі сыртқы көріністі ғана есепке алу кейде серіктесінің тұрақсыз хабарламаларына шыдамсыздық шақырады. Дегенмен, Бақылағыш типтер серіктесін күнделікті істерге тарту арқылы оларға тыныштық пен тұрақтылық сыйлай алады. Осылайша, қарым-қатынасқа жылы ықпал етіп, уақыт өте сенімді байланыс қалыптастырады.
Ойға түрткі: Іске бейімді істеу мінезіңізді серіктесіңіздің терең, көзге көрінбейтін қажеттіліктерін де ұмытпай, екеуінің үйлесімін табуға пайдалансаңыз қайтеді?
Рационалды (T)
Рационалды типтер әдетте дисмиссив-авоидант серіктеспен жақсы тіл табысады, өйткені олар қарым-қатынасқа соншалықты эмоциямен қарай бермейді. Олардан үнемі ашықтық күтпейді әрі дербестік сақтауға бейім – бұл серіктесінің іске бейімді талғамымен үйлеседі. Дегенмен, қиын тақырыптар (эмоциялық немесе басқа) туралы сөйлескенде, Рационалды типтер тура сөзге үйір, ал серіктесі көбіне бұдан қашқақтап, ашық диалогтан аулақ болады.
Дисмиссив-авоидант серіктесті қолдау үшін, Рационалды адам жағдайға анықтық әкелетін талдағыш қабілетін тиімді қолдана алады. Қысымсыз сабырлы болу – аса қымбат қасиет, бірақ олар сезімдік жағдайларды елемей қалмауы керек. Логикасымен қатар эмоциялық зеректігін дамыта отырып, олар өзара өзін еркін білдіруге қолайлы, қолдаушы орта құра алады.
Ойға түрткі: Қарым-қатынас барысында серіктеспен арадағы эмоциялық динамиканы жақсырақ ұғу үшін өз сараптамашылдығыңызды қалай пайдаланасыз?
Сезімтал (F)
Сезімтал типтер романтикалық қарым-қатынаста көбіне серіктесінің эмоциялық күйін жіті сезеді. Осы себепті, олар серіктесі кеңістік сұрағанда мазасызданып, дисмиссив-авоидант мінезін өздеріне бағыттаған секілді қабылдауы мүмкін. Бірақ бұл әрекеттің басым бөлігі – серіктестің бетау стилінің көрінісі, жеке қарым-қатынасқа қатысты реніш емес екенін түсінгенде, Сезімтал тип өз жанашырлығын тиімді пайдаланады.
Сезімтал типтер серіктесінің шекарасын сыйлағаны жөн, бірақ өз бойындағы байланысқа қажеттілігін де ұмытпауы керек. Ол үшін, уайым-күйлерін ашық айтып, серіктесіне дауласпай-ақ ортақ құндылықтарын білдіріп, аздап артта тұрады. Бұл мәжбүрлеп емес, саналы жақындасуға жәрдем. Осылайша, жанашырлық пен өзін-өзі танудың үйлесімі арқылы олар қарым-қатынасқа өзіндік жылулық енгізе алады әрі серіктесінің қажеттілігін де ескереді.
Ойға түрткі: Өзіңіздің эмоциялық сезімталдығыңызды серіктесіңіздің талғамын сыйлау үшін қалай жұмсайсыз, әрі сол арқылы өзіңіздің эмоциялық хал-жағдайыңызды да сақтайсыз?
Жоспарлы (J)
Жоспарлы типтер қарым-қатынаста рет пен тұрақтылыққа ұмтылады, бұл дисмиссив-авоидант серіктесінің міндеттеме не жоспар құруға құлықсыздығына қарама-қайшы. Жоспарлы типтер жиі ренжиді, ал олардың ортақ шараларды ұйымдастыруға ұмтылысы серіктесіне қысым сияқты көрінуі мүмкін.
Алайда, егер Жоспарлы типтер өз табиғатындағы тәртіп пен тұрақтылықты серіктес еркіндігімен ұштастыруға тырысса, серіктесі олардың нақтылығы мен сенімділігін бағалай бастайды. Қолдаушы және сенімді қарым-қатынас құру үшін бұл адамдар икемді болуды үйренгендері абзал. Серіктесіне жоспар құру не міндеттемені қабылдауға уақыт берсе, құрылымды әрі ыңғайлы орта жасайды. Бұл тәсіл белгісіздікке төзе білуді үйретіп, серіктесіне де тұрақты бетау стилін дамытуды қолдайды.
Ойға түрткі: Құрылым мен жоспарлауға деген сұранысыңыз бен серіктес еркіндігіне деген қажеттілігін қалай ұштастыра аласыз?
Ізденгіш (P)
Туа біткен икемділігімен, кейбір Ізденгіш типтер серіктесінің дисмиссив-авоидант мінезіне оңай бейімделе алады. Серіктесіндегі қашқақ мінез ұнамағанмен, көп нәрсенің бетін жаба салып жүре береді. Бұл бейімделгіштік қарым-қатынаста тыныштық сақтауға ыңғайлы, бірақ кей уақытта серіктесінің ауытқушылықтарын күшейтіп, маңызды мәселелердің жинақталуына әкелуі мүмкін.
Ізденгіш типтер өз шығармашылдығын және бейімделгіштігін серіктесін қолдау үшін саналы түрде іске қосуы тиіс. Мысалы, қиын мінез-құлықтың бетін жаба бермей, әртүрлі тәсілдерімен уайымын, ойларын ортаға салып, серіктес шекарасына да құрмет көрсете алады. Жаңа тәжірибелерге ашықтығының арқасында олар серіктесімен байланыс орнатып, еркін әрі тыныш орта қалыптастырады. Бұл серіктесін біртіндеп ашылуға, жақындасуға ынталандырып, сонымен қатар қарым-қатынастағы қиындықтар уақытылы талқыланады.
Ойға түрткі: Икемділігіңізді пайдаланып, қарым-қатынастағы қиындықтарды бірлікті сақтай отырып қалай шеше аласыз?
Нық (-A)
Нық типтер өмірдің қиын сәттерінде өзін сақтай білуімен ерекшеленеді, бұл қасиет дисмиссив-авоидант серіктесімен қарым-қатынастағы эмоциялық тұрақтылыққа үлес қосады. Серіктесі кей кездері бұл сенімділікті және мәселені тікелей шешуге ұмтылысты өзін ығыстыру, қысым деп қабылдауы мүмкін де, қашқақ мінезін тірілтеді. Сонымен бірге, Нық типтер көбіне тұрақсыздыққа шыдамды, бірақ бір мәселе қайта-қайта бетпе-бет келгенде шыдамы таусылуы мүмкін.
Нық тип өзінің алға ұмтылған қарқынын сезімталдықпен толықтырса, серіктесін жылырақ қолдайды. Ішкі тұрақтылығына сүйене отырып, серіктесіне мәселені өз қарқынында шешуге еркіндік береді және өзі де мәселеден қашпай, әрдайым қасында болады. Бұл тәсіл серіктесінің эмоциялық қырсықтығын сыйлаудың, әрі сенімді, түсіністікке негізделген диалогтың үлгісі бола алады.
Ойға түрткі: Серіктесіңіздің ішкі қажеттілігіне көбірек шыдамдылық таныту үшін қандай тұлғалық өсіру әдістерін қолданар едіңіз?
Тебіренгіш (-T)
Туа біткен сезімталдығымен, Тебіренгіш типтер серіктесінің дисмиссив-авоидант әрекетін артық талдауға бейім. Өзін-өзі сынауға бейімділігі оларды тым көп күмән мен мазасыздыққа жетелейді, әсіресе серіктесі шеттегенде не жақындасудан қашқанда. Өкінішке орай, Тебіренгіш тип растау іздеген сайын, серіктесінің қашқақ мінезін көбейтіп жібереді. Бұл екі тарапқа да күрделі жағдай туғызады.
Осындай қиындыққа қарамастан, Тебіренгіш типтердің қарым-қатынаста ерекше артықшылықтары бар. Олардың сезімталдығы мәселені ерте байқап, өзгеріске ұмтылуына түрткі болады. Осы типтегілерге шын мәнінде қолдаушы болу үшін эмоциясын өз бетінше реттеуді меңгеру және жеке қызығушылықтары мен достықтарын сақтау маңызды. Өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыта отырып, серіктесіне сол тәжірибесімен бөлісе алады – мұндай ортада өзара жақындасу мен өсуге мүмкіндік туады.
Ойға түрткі: Эмоцияны басқару үшін қандай дағдыларды дамыту өз қажеттілігіңізді реттеуге жәрдем етеді?
Дисмиссив-авоидант серіктесті қолдаудың әмбебап тәсілдері
Осы мақаладағы жеке-дара кеңестерді оқи отырып, дисмиссив-авоидант серіктесін сүйетін кез келген адамға ортақ бірнеше стратегия бар екенін байқаған боларсыз:
- Олардың дербестігін құрметтеңіз: Серіктесіңіздің еркіндікке деген сұранысын мойындаңыз әрі бағалаңыз. Тұншықтыратын әрекеттен аулақ болыңыз.
- Ашық диалогқа ынталандырыңыз, бірақ талап етпеңіз: Серіктесіңіздің өзін ашық, еркін сезінуіне қолайлы орта құрыңыз. Сабырлы болыңыз, эмоцияны мәжбүрлеп сұрамаңыз.
- Сенімді уақытпен нығайтыңыз: Күнделікті, ұсақ нәрседе сенімділігіңізді көрсетіп, тұрақты, сенуге болатын адам екеніңізді дәлелдеңіз.
- Жақындық пен кеңістіктің тепе-теңдігін сақтаңыз: Серіктесіңіз ашық болуға дайын тұстарды және қашан кеңістік қажет екенін ажыратыңыз.
- Қақтығысты сындарлы шешіңіз: Мәселенің мәнін сабырмен көтеріңіз, серіктесіңізге ойын әрі сезімін қорытуға уақыт беріңіз.
Ал ең маңызды стратегия –
Өз жағдайыңызға мән беріңіз: Жеке қасиетіңіз қандай болса да, сау шекара құру және қарым-қатынаста өз қажеттілігіңіз үшін әділ күресу – өте маңызды. Өзіңізге күтім жасап, қажет болса сырттан (мамандардан) қолдау сұраңыз.
Қорытынды ойлар
Есте сақтаңыз: дисмиссив-авоидант бетау стиліндегі серіктесіңізді қолдау – оны өзгерту емес. Өзгеруге өзіңізді де міндеттемеу керек. Бұл – сіздің жеке табиғатыңызға сай сабыр, түсіністік, саналы тәсіл қалыптастыру арқылы сауапты, сенімді қарым-қатынас құру жолы.
Тұлғалық күшті жақтарыңызды тиімді пайдалансаңыз және ықтимал қиындықтарға саналы қарай білсеңіз, қарым-қатынасыңызға терең мән қосасыз әрі өз қажеттілігіңіз бен серіктесіңіздің мұқтажы тең дәрежеде ескеріледі. Бұл жол оңай бола бермес, бірақ табандылықпен, қырағылықпен, өсуге дайындықпен сыйластыққа, жанашырлыққа, алғысқа негізделген терең байланысқа қол жеткізе аласыз.
Ақыры, дисмиссив-авоидант бетау стиліндегі адамды сүю – жақындық пен еркіндіктің, шыдам мен өзін қорғаудың, серіктесті түсіну мен өзіңізге күтім жасаудың арасында тепе-теңдік табу. Бұл – екеуіңіздің де тұлғалық даму жолы. Кейде бұл күрделі болуы ықтимал, алайда өте құнды тәжірибе беріп, өзіңізді, серіктесіңізді әрі махаббаттың табиғатын тереңірек таныта алады.
Енді сізге сөз бергіміз келеді: егер серіктесіңіз дисмиссив-авоидант болса, өзіңіз үшін қандай амал-тәсілдер пайдалы болды? Ал егер осы бетау стилі өзіңізге тән болса, серіктесіңіз сізге қандай қолдау көрсеткенін қалар едіңіз? Өз стиліңіздің қарым-қатынасқа қалай әсер ететінін серіктесіңіз түсінгенін қалайсыз ба? Пікіріңізді төменде бөлісіңіз.
Қосымша оқу
- Басқа бетау стиліндегі серіктесті қалай қолдауға болатыны туралы циклымыздағы мақалаларды оқыңыз.
- Өзін-өзі білдіру, шекара қою және махаббат: қажетті сәтте дауысыңызды көтеру
- Жеке қасиеттер призмасымен қатынастағы қақтығысты зерттеу
- Тұлғалық кедергілер: әр адамға арналған ішкі тосқауылдар
- Жеке дамуыңыз бен қарым-қатынас тереңдігінде Premium Suite – жеке типіңізге арналған толық нұсқаулықтармен танысыңыз.