INFP тұлғасы (Медиатор) ретінде, сіз әдетте тек өзіңіздің ғана емес, өзгелердің де эмоцияларын терең сезінесіз. Сіз барғыңыз келмейтін кешке шақыру келсе, бас тартсаңыз, досыңыздың ренжіген жүзін көз алдыңызға елестетесіз. Айтқыңыз келіп тұрған шынайы пікіріңіз ішіңізде қайнап жатса да, шиеленіс тудырып қоям ба деген үрей оны іштей жасырып қалуға итермелейді.
Сіздің ерекше жанашырлығыңыз — әрі артықшылығыңыз, әрі әлсіз тұсыңыз. Өзгелердің сезіміне соншалық нәзік мән беріп, көбіне өз қажеттілігіңізді ұмытып кетесіз. "Жоқ" дегіңіз келіп тұрса да, қайта-қайта "иә" деп жауап беріп, өз тілектеріңізді артқа ысырып қоясыз. Мұның бәрі сізге таныс болса, демек, сіз де адамдардың көңілін қалдырмауға тырысып, тоқтаусыз күш сарп ететін жалықтыратын циклге түсіп жүрген шығарсыз — басқалардың қалауын өзіңізден жоғары қою әдетіне.
Бұл мақалада біз INFP тұлғалары не себепті адамдардың көңілінен шығуға тырысып кететінін жан-жақты талдаймыз. Сондай-ақ, неге өз қажеттіліктеріңізді кейінге ысыра беруге болмайтынын және мұның жолын қалай табуға болатынын айтып өтеміз.
Бұл мақала INFP тұлғалары мен көңіл табушылық туралы кеңірек зерттеудің бір бөлігі. Толығырақ "Көңіл табушылық пен тұлға түрлері: Неге басқалардың қажеттілігін алға қоямыз" атты жан-жақты мақаладан оқыңыз.
INFP тұлғасындағы көңіл табуға бейімділікті зерттеу
INFP тұлғасының өзіне тән қасиеттерінің ерекше үйлесімі олардың адамдармен араласу кезінде жиі көңіл табуға бейім болуына әсер етеді.
Бұрын айтып өткендей, терең жанашырлық сіздің болмысыңызға тікелей байланысты, бұл өзгелердің сезімін нақты өзіңіз сезінуге мүмкіндік береді. Олардың көңілі қалғаны — сіздің де ренжуді сезінуіңіз. Олардың қуанышы — сіздің әлеміңізге жарық әкеледі. Мұндай эмоционалдық үндестік өз қажеттілігіңізге емес, алдымен басқалардың көңілін қорғауға итермелейді.
Сондықтан болар, “Көңіл табушылық” сауалнамамыздың мәліметі бойынша, INFP тұлғасының 83%-ы басқаларды ренжітіп алмау үшін шын мәнінде келіспейтін нәрсеге келісетінін айтады.
Бұл бейімділік әсіресе INFP тұлғалары қақтығыс қаупімен бетпе-бет келгенде ерекше байқалады. Қарапайым келіспеушіліктің өзі сан түрлі теріс сценарийлердің ойыңызда қаптап кетуіне себеп бола алады. Осындай жағымсыз болашағымен бетпе-бет келуден гөрі, үнсіз келісіп, өзгелердің қалағанын жасап кеткен жеңіл көрінуі мүмкін.
Бұған зерттеу нәтижелері де дәлел: INFP тұлғасының 88%-ы — бұл барлық 16 тұлға түрінің ішінде ең жоғары көрсеткіш — өзгелер ренжіп қалмасын деп өз шынайы сезімдерін жасыратынын мойындайды.
Бұл дерек INFP тұлғаларының өзгелердің эмоциялық жайлылығын өздерін шынайы білдіруден жоғары қоятынын анық көрсетеді. Іштей жинақталған, айтылмай қалған ойлар мен сезімдердің жинала беруі сізге тыныштық әкелетіндей көрінуі мүмкін. Бірақ мұның салдары қандай болмақ?
Көңіл табушылық барлық INFP тұлғаларына тән болса да, Тебіренгіш INFP (INFP-T) түрлері бұл модельден арылуды әсіресе қиын сезінеді. Зерттеуіміз бұл тұрғыда қызықты контрастты көрсетеді: Тебіренгіш INFP тұлғаларының 88%-ы өзгелердің олар туралы не ойлайтынына алаңдайтынын айтса, Нық INFP (INFP-A) тұлғаларында бұл көрсеткіш небәрі 33%-ды құрайды. Бұл үлкен айырмашылық Тебіренгіш INFP тұлғаларының неге өздерін кейінге ысыра беретінін ұғынуға көмектеседі.
Тебіренгіш INFP тұлғалары үшін өзіне деген сенімсіздік пен күшті жанашырлық бірігіп, көңіл табушылықтың шырмауына әкеледі. Өзін-өзі жиі сынау бұл тұлғаларда ішкі кінәні күшейтетіні соншалық, шекара қою әрекетінің өзі олардың ең көп қажет ететін нәрсесі — басқалардың ризашылығы мен мақұлдауынан айырылуға қауіп төндіретіндей болады. Сондықтан бұл тұлға үшін көңіл табушылықтан шығу – әсіресе күрделі міндет.
Көңіл табушылықтан қалай арылуға болады
Басқаларды алдыңғы орынға қою кейде керемет байланыс пен қолдауға әкелуі мүмкін. Бірақ бұл күнібүлік әдетке айналса, өзіңіздің ең басты ресурсыңыз: амандығыңыз көлеңкеде қалып қояды.
Хроникалық түрде көңіл табуға ұмтылу күйзеліске, қарым-қатынаста қиындықтарға және "мен" деген түйсіктің әлсіреуіне апарады. Мұндайда достық байланыстарды шынайы сезінбеу, энергияңызды сарқатын келісімдерге келу немесе қарым-қатынас негізін өз қалауыңыз емес, тек басқалардың талабына құру орын алуы мүмкін.
Енді көңіл табушылықтан арылуға дайынсыз ба? INFP тұлғасына тән қасиеттерді ескеріп жасалған, өз қажеттілігіңізді екінші орынға ысыра беруді доғаруға көмектесетін үш тәсілді қарастырайық.
1-тәсіл: Өзін тыңдау үшін кеңістік құру
Сіздің Медиатор ретіндегі болмысыңыз ойлы әрі ішкі пайымдауға бейім. Бірақ кейде өтініш түскен сәтте, не қалайтыныңызды әлі ұғына да алмай тұрып, "иә" деп жауап беретін кездер болады. Ал егер бұл автоматты жауапқа кідіріс жасап көрсеңіз ше? Өз дауысымызды тыңдау үшін уақыт берсек ше?
Көңіл табушылықты азайту үшін, өтініш пен жауап арасында кеңістік жасауды әдетке айналдырыңыз. Міне бірнеше үлгі жауап:
- "Күш-қуатымды бағамдап, ертең жауап берсем бола ма?"
- "Мені ойлағаныңызға рахмет! Мұны бір ойланып алғым келеді."
- "[нақты бір уақыт] дейін хабарлассам бола ма?"
Бұл аралықта ішіңіздегі шындығыңызды сезінуге, жалпы қуатыңызды бағалауға, қолыңыздан не келетіні туралы ойланып алуға уақыт беріңіз.
Көпшілігі, керісінше, осындай ойланып, байыппен қабылданған шешімдеріңізді құрметтейді. Себебі, шындықтан туған кеш жауап, шала шын келісімнен әлдеқайда артық.
Егер біреу бұл кідірісіңізге ашулы жауап қайтарса, соған мән беріңіз. Қарапайым өтінішіңізге құрметпен қарамайтын адам сіздің игілігіңізді әрдайым ескере бермеуі мүмкін. Есте сақтаңыз: сау қарым-қатынас екі тараптың да қажеттілігін ескеруі керек.
2-тәсіл: Ойыңды жазып, анықтықа жету
Ішкі процеске кеңістік жасалған соң, кезек сол ішкі ой мен сезімді дұрыс жеткізуде.
Басқа ешкімге айтқыңыз келмей жүрген алуан түрлі ойлар мен сезімдеріңіз бар ма? INFP болсаңыз, оларды қағазға түсіргеніңіз, ауызша айтудан оңай болуы мүмкін. Маңызды әңгімеге дейін жазбаша дайындық жасап көріңіз.
Күнделік немесе жазба қолданбасына ашылып жазыңыз. "Неге 'жоқ' деу қиын?", "Шын мәнінде не айтқым келеді?", "Өз қажеттілігімді қалай сыпайы әрі нақты жеткізем?" деген сұрақтарға жауап іздеңіз. Жазу — ішкі сезімді түсіндірілетін ойға айналдыруға көмектеседі — бұл кейін сөйлескенде өзіңізді сенімді сезінуге сеп болады.
3-тәсіл: Қиялыңызды өзіңізге жұмыс істетіңіз
Шекара қою не өз қажеттілігіңізді білдіру кезінде, ойыңызда жағымсыз сценарийлердің тізбегі басталып кететін жағдай таныс па? Ренжісіп қаламыз ба, қарым-қатынас бұзыла ма деген секілді уайым... Бірақ сіздің INFP тұлғасына тән күшті қиялыңызды басқа — пайдалырақ бағытқа бұруға болар еді ғой?
Міне бірнеше көзқарас ауыстыру тәсілі:
- Бұл жағдайды жақын досыңыз бастан кешіп жатыр десек, оған қандай кеңес берер едіңіз?
- Екі тарап та түсіністікпен тыңдап, қабылдаған позитивті әңгіме болсын деп елестетіңіз.
- Бұрынғы бір сәтті, шынайы болғандықтан қарым-қатынасты күшейткен әңгімені еске түсіріңіз – осыны бүгінгі шешіміңізге негіз етіңіз.
Сіздің қиялыңыз қорқынышты емес, сенімділік құрылысын жасау үшін жұмсалуы мүмкін. Оны бөгет емес, жол нұсқайтын құрал ретінде пайдаланыңыз.
Жоғарыда аталған стратегияларды қолдану кезінде кішкентай қадамнан бастаңыз. Әрбір әрекет — өз қажеттілігіңізді қадірлеуге қарай жасалған бір саты. Бұл жол — дұрыс бағыттағы жол.
Қорытынды сөз
Көңіл табушылық ниетіңізді шектеу — сіздің мейірімді болмысыңызды жоғалту деген сөз емес. Бұл — қамқорлық пен шынайылықты қатар жасау туралы. Ал егер сіз жанашырлық пен шекараны тең ұстай білсеңіз, қарым-қатынас одан да терең әрі шынайы бола түседі — бұл сіздің INFP жаныңыздың шын мәніндегі қалауы емес пе?
Қосымша мақалалар
- Жеке тұлға түрлерінің көңіл табушылықтан арылу жолдары туралы біздің арнайы мақалаларымызды оқыңыз
- INFP тұлғасы ретінде өзіңізді кешіру жолы: Өзін-өзі сынаудан өз-өзіне жанашырлыққа
- Медиаторлар (INFP) және өзін тану: Ішкі үйлесімділік табу
- INFP тұлғалары және жалғыздықтың үш өлшемі
- Не себепті сіз осындайсыз? Толығырақ білгіңіз келе ме? Premium Report қызметінен INFP тұлғаңызға әсер ететін 12 маңызды қасиет туралы біліңіз. Өзіңізді және басқалармен қарым-қатынасыңызды тереңірек түсініп алыңыз.