Консул
Бір-біріңізді жігерлендіріңіз, көтеріңіз және нығайтыңыз. Өйткені біреуге таралатын жағымды энергияны бәріміз де сезінеміз.
Консулдар (ESFJ) үшіні басқалармен бөлісу - өмірдің ең жарқын сәттері болып табылады. Үйлерін және жүректерін достарына, жақындарына және көршілеріне ашу арқылы бұл тұлға түріне ие адамдар көптеген қауымдастықтың негізін құрайды.
Бұл консулдар бәрін ұнатады немесе олар әулие адамдар дегенді білдірмейді. Алайда, консулдар қонақжайлылық пен жақсы мінез-құлық күшіне сенеді және олар айналасындағылардың алдындағы борышын сезінеді. Жомарт және сенімді, мұндай тұлға түріне ие адамдар көбінесе өз отбасыларын және қауымдастықтарын бірге сақтап қалу үшін кіші-үлкен жауапкершілікті өз мойнына алады.
Жауапкершілікті өмірдің сұлулығы
Консулдар альтруистға жатады. Олар қайтару, басқаларға қызмет ету және дұрыс нәрсені істеу үшін өз міндеттеріне үлкен байыппен қарайды.
Ал консулдар кез-келген жағдайда нағыз дұрыс шешім бар деп санайды. Кейбір тұлға түрлері жұмсақ болып, «өзің өмір сүр, басқаларға да өмір сүруге мүмкіндік бер» деген көзқарасты ұстанғанымен, консулдар бұрыс деп санаған жолды біреу таңдаған кезде біреуді сынамау қиынға соғуы мүмкін. Нәтижесінде, консулдардың жақын адамдары олармен келіспеген кезде, консулдар үшін бұл аса қиын соғады.
Жақсылық пен зұлымдық туралы нақты көзқарастары бар консулдар өз ойлағандарынан қайтпайды. Бірақ бұл ойларды жөнсіз деп айтуға келмейді, олар көбінесе дәстүрге деген терең құрметке негізделген. Консулдар өз әрекеттерінің барлығы басқа біреуге әсер ететінін біледі және бекітілген заңдар, хаттамалар және әлеуметтік нормалар оларға күнделікті өмірлерін басқаларға ұқыпты және жауапкершілікпен қарауға көмектесетініне сенеді.
Ұзақ уақыт жалғасатын қарым-қатынастар құру
Қолдау көрсететін және ашық консулдарды әрқашан сауық кештерінде байқауға болады, олар басқалардың жақсы уақыт өткізетініне көз жеткізу үшін барын салады! Бірақ қателеспеңіз: консулдар басқа адамдардың өмірлеріне килікпейді. Өз ісіне адал консулдар ұзақ қарым-қатынастар орнатады және олар көмек қолы немесе тыңдаушы құлақ қажет болған кезде әрқашан жаныңнан табылады деп сенуге болады.
Тәртіп пен құрылымды жақсы көретін консулдар жоспарланған іс-шараларды шектеусіз іс-шаралардан немесе стихиялық кездесулерден артық көреді. Сондай-ақ барлығы ойдағыдай өтуін қамтамасыз ету үшін олар қуана-қуана қонақ күтеді. Тұлғаның бұл түріне ие адамдар басқа адамдарға ерекше және мерекелік сезім сыйлау үшін көп күш жұмсайды және біреу олардың күш-жігерін бағаламаса, қатты көңілдеріне алуы мүмкін.
Консул тұлғасына ие көптеген адамдар үшін өмірдегі ең үлкен қиындықтардың бірі - басқа біреудің тіпті ең жақын, әрі қымбат адамдардың ойларын немесе мінез-құлқын басқара алмайтындығын түсіну. Бақытымызға орай, консулдар қолдарынан келетін ең жақсы нәрсеге назар аудару арқылы тыныштық пен қанағаттану сезімін таба алады: қамқорлық, назар аудару және жауапкершіліктің үлгісін көрсету арқылы адамдарды біріктіру.