Көңіл көтеруші

ESFP тұлғасы

Кәсіпкерлер — кенет әрекет ететін, жігерлі және ынталы адамдар. Олардың жанында ешқашан іш пыспайды.

A scene representing the ESFP personality type (Entertainer). An adult female ESFP dancer has invited an ESFP male from the audience to join her on stage, and they are dancing joyfully. They are dressed in formal attire and move with exuberance and flair. Their facial expressions convey a sense of delight and enthusiasm as they revel in the moment. Two people sit at tables, happily watching the dancing from afar.
E Экстраверт S Реалист F Тез әсерленгіш P Іздеуші

Көңіл көтеруші

Еш ойланбастан әр секундпен өмір сүріңіз

ЭЛТОН ДЖОН

Егер біреу аяқ астынан ән айтып немесе билеп бастаса, бұл сөзсіз Көңіл көтеруші (ESFP) тұлға түріне ие адамдар. Көңіл көтерушілер сол сәттің қызығына бой алдырады және басқалардың да солай сезінгенін қалайды. Басқаларды жігерлендіруге келгенде бірде-бір тұлға түрі көңіл көтерушілер сияқты өз уақыты мен күшін жұмсамайды және басқа бірде-бір тұлға түрі оны мұндай ерекше стильмен жасай алмайды.

Көңіл көтеруші (ESFP) тұлғасы

Құштарлықпен өмір сүру

Көңіл көтерушілер өзіне назар аудартқанды жақсы көреді, ал бүкіл әлем - сахна. Көңіл көтеруші тұлға түріне ие көптеген танымал адамдар актер болып табылады, бірақ олар да достарына шоу жасауды, ерекше және қарапайым тапқырлықпен сөйлесуді, назар аудартуды және әрбір оқиғаны кішігірім сауық кеші жасауды жақсы көреді. Көңіл көтерушілер қарапайым нәрселерден ләззат алады және олар үшін жақсы достармен көңіл көтеруден артық қуаныш жоқ.

Бұл жай ғана бос әңгіме емес: көңіл көтерушілер кез келген тұлға түрімен салыстырғанда күштірек эстетикалық сезімге ие. Күтім мен киім-кешектен бастап жақсы жабдықталған үйге дейін, көңіл көтерушілер әрдайым сәнге назар аударады. Оны көрген сәтте ненің тартымды екенін біле отырып, көңіл көтерушілер өздерінің жеке стилін көрсету үшін айналасын өзгертуден қорықпайды. Көңіл көтерушілер жаңа дизайн мен стильдерді оңай зерттей отырып, табиғи қызығушылық танытады.

Бұлай көрінбесе де, көңіл көтерушілер барлық нәрсен оларға байланысты емес екенін түсінеді - олар байқампаз, әрі басқалардың эмоцияларына өте сезімтал келеді. Тұлғаның осы түріне ие адамдар біреуге қиын мәселені шешуге жиі бірінші болып көмектесіп, эмоционалды қолдау мен практикалық кеңес береді. Дегенмен, егер мәселе оларда болса, көңіл көтерушілер онымен бетпе-бет сөйлесіп, шешкеннен гөрі басын аулақ салады. Көңіл көтерушілер әдетте аздап драматизм мен құштарлықты жақсы көреді, алайда өздері критика нысаны болған кезде, бұдан аулақ болуға тырысады.

Спонтанды рух

Көңіл көтерушілер бетпе-бет кездесетін ең үлкен қиындық - олар жиі бірмезеттік ләззатты жақсы көргендері соншалық, олар өмірдің көркін кіргізуге мүмкіндік беретін міндеттер мен жауапкершіліктерге немқұрайлы қарайды. Кешенді талдау, қайталанатын тапсырмалар және статистиканы нақты нәтижелерге сәйкестендіру көңіл көтерушілер үшін оңай іс емес. Олар сәттілікке, не болмаса мүмкіндікке сенуді немесе жай ғана көп достарының біреуінің көмек сұрауды артығырақ көреді. Көңіл көтерушілер үшін зейнетке шығу жоспарлары немесе қант тұтыну сияқты ұзақ мерзімді жоспарларды бақылап отыру сияқты алдында мақсат қою өте маңызды, мұның барлығын бақылап отыратын адам әрдайым жаныңнан табыла бермейді.

Көңіл көтерушілердің құндылық пен сапаны мойындауы өз алдына тамаша қасиет болып табылады. Олардың нашар жоспарлауға бейімділігімен бірге бұл олардың қалталарына қарамай өмір суруіне әкелуі мүмкін және бұл жағдайда несие карталары олар үшін өте қауіпті. Ұзақ мерзімді мақсаттарды жоспарлаудан гөрі кездейсоқ мүмкіндіктерді пайдалануға көбірек көңіл бөлетін көңіл көтерушілер өздерінің немқұрайлылығы кейбір әрекеттерді қолжетімсіз ететінін анықтауы мүмкін.

Көңіл көтерушілер үшін тұрмыс тіршілігіне байланысты достарына қосыла алмау - олардың өміріндегі ең бақытсыз сәттердің бірі болып табылады.

Көңіл көтерушілерді күлкіге, ойнақылыққа және жаңа, көңілді бірдеңені байқап көру үшін ерікті қажет болған жерде ешкім алмастыра алмайды, көңіл көтеруші тұлғалар үшін басқаларды өзімен бірге алып алудан артық қуаныш жоқ. Көңіл көтерушілер сағаттап сөйлесе алады, кейде олар сөйлескісі келетін тақырыптан басқа кез келген нәрсе туралы айтады және қолайлы, не болмаса қолайсыз уақытта жақын адамдарының эмоцияларымен бөлісе береді. Егер олар уақыт талабына сәйкес болып, үлгеріп жүрсе, олар әлем ұсынатын барлық жаңа және қызықты мүмкіндіктер үшін достарымен бірге ашық болады.