Виртуоз
Менің өмір сүргім келеді, басқа өмірді сүргім келеді. Күнделікті бір жерге барғым келмейді, күнделікті бір адамдарды көргім келмейді және күнделікті бір жұмысты жасағым келмейді. Мен өзімді жаңаша сынағым келеді.
Виртуоздар (ISTP) өз қолдары мен көздері арқылы зерттеу жасауды жақсы көреді, айналасындағы әлемді салқын рационализммен және қарқынды қызығушылықпен ұстап көреді және зерттейді. Тұлғаның бұл түріне ие адамдар жобадан жобаға көшіп, пайдалы және пайдасыз нәрсені қызық үшін жасайтын, қоршаған ортадан сабақ алып жүретін табиғи туынды жасаушылар. Виртуоз тұлғасына көбінесе механиктер мен инженерлер сәйкес келеді және олар шамалы жақсарту мақсатында заттарды құрастырып, қайта бұзып, қолдарын былғаудан ешқашан шаршамайды, жалықпайды және содан ләззат алады.
Жасау, ақаулықтарды жою, сынақтан өткізу мен қателерді тексеру және өз тәжірибесі арқылы виртуоздар идеяларды зерттейді. Виртуоздарың жобаларына басқа адамдардың қызығушылық танытқаны виртуоздарға ұнайды және кейде өз кеңістігіне басқаларды кіргізуге қарсы болмайды. Әрине, бұл адамдар виртуоздардың принциптері мен еркіндігіне кедергі келтірмеуі керек және олар виртуоздарға ашылу керек, сол кезде виртуоздар да солай жауап қататын болады.
Виртуоздар өздерінің жақын адамдарына қол ұшын беруді және өз тәжірибесімен бөлісуді ұнатады. Бұл тұлға түрі халықтың бес пайызын ғана құрап, өте сирек кездесетіні өкінішті. Әсіресе виртуоз-әйелдер өте сирек кездеседі және олар үшін қоғам күтетін әдеттегі гендерлік рөлдер нашар сәйкес келуі мүмкін, өйткені оларды жастайынан сотқарлар ретінде көреді.
Өзгеше болудан қорықпау
Олардың механикалық тенденциялары оларды бір қарағанда қарапайым етіп көрсетуі мүмкін, шын мәнінде виртуоздар - өте жұмбақ адамдар. Жылы шырайлы, бірақ өте тұйық, сабырлы, бірақ жылдам қозғыш, өте қызыққұмар, бірақ ресми оқытуға назар аудара алмайтын виртуоз тұлғалардың не істейтінін тіпті достары мен жақындары да болжауға қиналады. Виртуоздар қандай да бір уақытқа адал және тұрақты болып көрінуі мүмкін, алайда олардың импульсивті энергиясын ұзақ уақыт бойы жинап, кенеттен ескертусіз жарылып, өз мүдделерін батыл жаңа бағыттарға бағыттайтын әдеттері бар.
Виртуоздардың шешімдері практикалық реализм сезімінен туындайды және олардың жүрегінде тікелей әділдік сезімі, яғни «басқаларға жаса» деген көзқарас жатыр, бұл виртуоздардың көптеген таңқаларлық қасиеттерін түсіндіруге көмектеседі. Виртуоздар абай болудың орнына, «сені атпай тұрып, бірінші болып сен шүріппені бас» көзқарасынан аулақ болудың орнына виртуоздар әділ ойын үшін жақсы немесе жаман жауаптар дайындау арқылы тым алысқа кетуі мүмкін.
Виртуоздар бетпе-бет келетін ең үлкен проблема - олар көбінесе тым асығыс әрекет етеді, бассыздығын қалыпты жағдай деп санайды және басқалар да тура солай жасайды деп ойлайды. Олар бірінші болып әдепсіз әзіл айтады, біреудің жобасына тым құмар болады, төбелеседі және барлығымен ойнайды немесе одан да қызықты нәрсе пайда болғандықтан, кенеттен жоспарларын өзгертеді.
Ережелерге қарсы тұру
Виртуоздар басқа тұлға түрлерінің өздерімен салыстырғанда ережелер мен мінез-құлық бойынша әлдеқайда сезімтал шекералар бар екенін біледі: басқалар әдепсіз әзіл естігісі келмейді және оған жауап бермейді, басқалардың ойнағысы келсе де, олар оған қатыспайды. Егер жағдай өзінің эмоцианалды шегіне жетсе, бұл шекараларды бұзу оқыс жағдайларға алып келуі мүмкін.
Виртуоздарға эмоцияларды болжау үлкен қиындық туғызады, алайда виртуоздардың эмоциялары мен мотивациясын бағалау қаншалықты қиын екенін ескеретін болсақ, бұл олардың адалдығының табиғи нәтижесі болып табылады. Алайда, олардың қарым-қатынастарын жанашырлық арқылы емес, өз әрекеттері арқылы зерттеуге бейімділігі кейбір жағымсыз жағдайларға әкелуі мүмкін. Виртуоз тұлға түріне ие адамдар шекаралар мен бағдарлармен күреседі, қажет болған жағдайда қозғалыс пен еркіндікті қалайды.
Өздерінің стилі мен кенеттен әрекет ететін мінезін түсінетін достармен жұмыс істейтін ортаны табу және шығармашылықты, әзілдеу стилін және практикалық шешімдер мен практикалық тәсілді біріктіру виртуоздарға көп бақытты жылдар мен сырттан тамсануды сыйлайтын болады.