Қолбасшы

ENTJ тұлғасы

Қолбасшылар — батыл, шығармашыл қайсарлы жандар, олар әрқашан да қажетті шешімді табады немесе шешімін білетін адамды табады.

A scene representing the ENTJ personality type (Commander). Three ENTJs stand confidently in a forest setting, holding a pitchfork, tree saplings, and a watering can, with a dog at their feet. A fourth person, a female ENTJ, points towards a map of trees on an easel. In the background, there are numerous pine trees of varying sizes. The overall impression is one of leadership, determination, and a readiness to take charge in any situation.
E Экстраверт N Интиутивті T Талдаушы J Жоспарлаушы

Қолбасшы

Бұл өмір мәңгі емес, сондықтан оны басқа біреудің өмірін сүруге жұмсама.

СТИВ ДЖОБС

Командирлер (ENTJ) — туа біткен көшбасшылар. Тұлғаның бұл түріне ие адамдар харизма мен сенімділік шашып тұрады және өз беделімен басқаларды бір мақсатқа жұмылдыра беліді. Дегенмен, командирлар өздеріне қойған кез келген мақсатқа жету үшін өздерінің жігерін, табандылығын және өткір ақыл-ойын пайдалана отырып, рационалдықтың қатігез деңгейін көрсетеді. Бәлкім, олар әлемнің қалған бөлігін құрайтын анағұрлым ұялшақ және сезімтал тұлға түрлерін басып тастамас үшін халықтың тек үш пайызын құраған дұрыс шығар. Алайда, күн сайын көріп, қалыпты жағдайдай қабылдайтын көптеген кәсіпорындар мен мекемелер жұмысы үшін командирлерге алғыс айтуымыз керек.

Ұлылыққа ұмтылу

Үлкен немесе жеңіл сынақ қарсы тұруды командирлер жақсы көреді және жеткілікті уақыт пен ресурстар берілсе, кез келген мақсатқа қол жеткізе алатынына сенімді. Бұл қасиет командир тұлғасы бар адамдарды тамаша кәсіпкерлер етеді, ал олардың стратегиялық ойлау және жоспарларының әрбір қадамын табандылықпен және дәлдікпен орындау кезінде ұзақ мерзімді назарда ұстау қабілеті оларды қуатты бизнес көшбасшылары етеді. Бұл шешім көбінесе өзін-өзі жүзеге асыратын тағдыр жазуы болып табылады, өйткені басқалар бас тартатын жерде командирлер өз мақсаттарынан тайынбайды және және олардың экстраверттік (Э) табиғаты олар процесте керемет нәтижелерге қол жеткізе отырып, басқаларды өздерімен бірге алға сүйрейтінін білдіреді.

Қолбасшы (ENTJ) тұлғасы

Келіссөз үстелінде болсын, корпоративтік ортада болсын немесе көлік сатып алу болсын, командирлер басымдық танытады, ештеңе бой бермейді және кешірімсіз болып табылады. Бұл олардың салқынқанды немесе қатыгез болғандықтан емес - бұл командирлердің осы ортадан келетін сынақтардан, тапқырлық шайқасынан, жақсы репликалардан ләззат алуына байланысты болады, ал егер басқа тарап уақыт талабына сай болмаса, командирлардың жеңіске қандай да болса жолмен жету керек деген принциптеріне қарсы тұра алмайды.

Командирдің санасында жатқан негізгі ой «Мені сезімтал емес деп атасаң маған бәрібір, ол менің тиімділігіме ешқандай әсер етпейді» деген сияқты нәрсе болуы мүмкін.

Командирлер құрметтейтін адамдардың қатарына оларға интеллектуалдық тұрғыда қарсы тұра алатын, өздері сияқты дәл, әрі жоғары сапалы әрекет ете алатын адамдар жатады. Командир тұлғасына ие адамдардың басқалардың дарындылығын тану ерекше қабілеті бар және бұл олардың команда құру әрекетіне де көмектеседі, (себебі ешкім, қаншалықты керемет болса да, бәрін жалғыз жасай алмайды) сондай-ақ командирлерді тым көп тәкаппарлық пен менсінбеушілік танытудан сақтайды. Дегенмен, олар басқалардың қателігін бетіне басу сияқты ерекше қабілетіне ие, сондықтан осы жерде командирлер шынымен қиындыққа тап бола бастайды.

Лайықты челленж

Өзін эмоционалды ұстау кез келген аналитиктердің артықшылықтарын жатпайды, алайда командирлердің эмоциялардан қашықтығы әсіресе көпшілікке көрінеді және оны адамдардың кең бөлігі тікелей сезінеді. Әсіресе кәсіби ортада командирлер тиімсіз, қабілетсіз немесе жалқау деп санайтын адамдардың сезімталдығын жаншып жүреді. Командир тұлғасына ие адамдар үшін өзін эмоционалды ұстау әлсіздіктің көрінісі болып табылады және бұл тәсіл арқылы жау табу оңай. Командирлер мақсаттарға жету үшін ғана емес, сонымен қатар олардың тексеруі мен кері байланысы үшін өздері команданың дұрыс жұмыс істеуіне байланысты екенін есте ұстаған жөн, бұл сәт командирлер үшін өте сезімтал мәселе болып табылады.

Командирлер нағыз күш-қуат көзі болып табылады және олар өмірде табысқа жеткен адамдардың бейнесін қалыптастырады, шынуайтында олар расында солай болып табылады. Олар үшін есте сақтау керек нәрсе ол - олардың дәрежесі тек өздерінің іс-әрекеттерінен ғана емес, сонымен бірге оларды қолдайтын команданың әрекеттеріне де байланысты болады және олардың үлестерін, таланттарын және қажеттіліктерін, әсіресе эмоционалдық тұрғыдан танудың маңызды екенін есте ұстаған жөн. Тіпті егер олар «қайығым судан өткенше» менталитетін қабылдауы керек болса да, егер командирлер өздерінің көптеген күшті жақтарымен қатар эмоционалды фокусты біріктіре алса, олар терең, қанағаттанарлық қарым-қатынастармен және олар еңсеретін сынақтардың нәтижесімен марапатталатын болады.